KAFKASSAM – Kafkasya Stratejik Araştırmalar Merkezi

  1. Anasayfa
  2. »
  3. Gündem
  4. »
  5. Жанат Момынқұлов: Орталық АЗИЯ тренд па, риторика ма?

Жанат Момынқұлов: Орталық АЗИЯ тренд па, риторика ма?

Kafkassam Editör Kafkassam Editör - - 2 dk okuma süresi
48 0

Осы апта қазақ-өзбек одағы, Орталық азия ынтымағы туралы көп жазылды. Біріншісі – екіншісінің ядросы. Негізгі мессидж – жаңа геосаяси жағдайда орталық азия бірегейлігі (Central Asian identity) мен ықпалдастығын арттыру.

2016 ж. прогноз жасаған едім (Ulys): “Өзбекстан – өз потенциалы, деңгейі мен салмағы жағынан аймақтағы бізге тең келетін бірден-бір ел” деп.. “Қазірден бастап одақтасымызды жақсы танығанымыз жөн” деп жазғам. 2-3 жылдан соң өмірдің өзі одақтас елдерге айналдырды.

Астана “орта азиялық (identity) өркениет” туралы айта бастады. Қазіргі бізге орталық азиялық болған тиімдірек. Аймақ елдерін ортақ МӘДЕНИЕТ біріктіреді. Біздің потенциал күшіміз бен артықшылығымыз – ұқсас Рухани негіздерімізде (тарихи жады, тіл, мәдениет, дін). Тіпті Қытай да, Ресей де әлемге рухани жағынан ештеме ұсына алмайды. “Бейбітшілік бәрінен де қымбат”. Қайта керісінше аймағымыз ұсынып жатыр.

Аймақтың бейбітшілігін сақтау үшін “қауіпсіздік архитектурасын құру” және “қорғаныста күш біріктіру” сөздері көрші шетелдің де назарын аударды. Орталық азия “тек көпір емес, геосаяси орталық” болу мүмкіндігі айтылды. Қытайға қауіпсіздікте арқа сүйемей, Middle Powers елдерімен альянстар мен клубтар құру қажет. ҰҚЫҰ, ШЫҰ-ға ғана жабыспай басқа балама күштерге арқа сүйеу керек. Ядролық күш болуы мүмкін жаңа одақтастармен (Түркия, Польша ж.т.б.) жақын дос болу керек.

Әрине, аймақта проблемалар жетіп артылады. Идеалист бола алмаймыз. Жастардың білімін арттыру, дамудың негіздерін құру, оңтүстік бағытта логистика, интеллектуал өндіріс ж.т.б. туралы айтылды.

“Егер аймақ дайын болса, біз дайын” деп Астана аймаққа, шетелге елеулі бір сигнал жіберген сыңайлы. Бірақ дәл қазір жағдайды тез өзгерту қиын болғанмен, алдағы он жылда мүмкіндіктер ашылады.

@сурет былтырғы саммиттен, just for fun

Жанат Момынқұлов

İlgili Yazılar

Bir yanıt yazın

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir