Şimdi yükleniyor

Жанат Момынқұлов: Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстанның

BAQ.KZ сұхбатым: “Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстанның Таяу Шығыстағы басты сауда-экономикалық серіктесі әрі өз аймағының инновациялық орталығы. Триллион доллардан асатын капиталы, ықпалды биржалары бар БАӘ – бүгінде халықаралық қаржының астанасына айналған мемлекет. Қазақстан азаматтары үшін бұл ел – туризм, бизнес пен демалыс үшін ең тартымды бағыттардың бірі. Мемлекеттік басқарудағы цифрлық шешімдері, инфрақұрылымы мен мәдени жұмсақ күші БАӘ-ні біздің елге үлгі боларлықтай мемлекетке айналдырды.

Сапардың басты мақсаты – Әмірліктердің сыртқы саясатын әртараптандырып, Орталық Азиядағы ықпалын арттыру. Тақ мұрагер Халед бен Мұхаммед ән-Нахаянның Астанаға келуі – осы аймақта жаңа стратегиялық серіктестер табу, болашағы бар нарықтармен тығыз байланыс орнату үшін жасалған нақты қадам.

БАӘ мен Қазақстан – екеуі де көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатын, экономикалық даму мен тұрақтылықты басты орынға қоятын елдер. Өткен жылы Қатар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция салуға келіскен болса, биыл БАӘ 5 млрд доллардың 22 келісіміне қол қойды. Бұл біздің аймаққа деген сенімнің нақты дәлелі”.

“БАӘ – мұсылман елдерінің ішінде ең прогрессивті әрі прагматик мемлекеттердің бірі. Оның Қазақстанмен байланысын нығайтуы – басқа мемлекеттер үшін де оң сигнал. Орта Азия бай араб елдерімен қатынасын тереңдете беруі қажет. Қазақстан мен БАӘ – өз аймақтарында ықпалды ойыншылар. Сондықтан бұл байланыс – мұсылман әлеміндегі жаңа геосаяси тепе-теңдікті қалыптастыратын маңызды қадам”.

Жанат Момынқұлов

Share this content:

Yorum gönder