Бүгін, Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммиті өтті.
Қызық дейтінім, Бельгияға ресми сапары 2 күн бұрын аяқталған Тоқаев бұл жиналысқа бармады.
Ал, фотода көрініп тұрған ҚР Үкіметінің басшысының барғанын өзінен басқа ешкім білмейді)
Өткенде ғана журналистермен арқадан қағысып отырған картинкасы тараған Мамин үкіметінің баспасөз қызметі де үндемес пе, Үкіметтің екі-үш сайты да, әлеуметтік желілері де Маминның Түркіменстанға барғанын жазбаған. Қазақстандық БАҚ та тым-тырыс) Тіпті, Гурбангулы аға Асекеңді құзырына қабылдапты. Ол, ол ма, осы жиналыс үшін Ашхабадқа табаны тиген басшылардың бәрін жоғары деңгейде ресми салтанатпен қарсы алды Түркіменстан билігі. ҚР Премьер-Министрі ресми сайты әлі Маңғыстауда жүр.
Пәкістан, Иран, Тәжікістан және Түркі елдерінен құрылған ұйымның басшылары бір-бірімен кездесіп, мәре-сәре болды.
Саммитке қатысқан саммитке қатысушы елдер президенттері сайтында 4-5 ақпараттан жарияланып жатыр.
Мысалы Әзербайжан президент жоғарыдағы үш елдің басшысымен жеке жеке кездескен.
Режеп Тайып Ердоған Орта Азиядағы туыстас елдер басшыларын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Рас, Тоқаев биыл Ашхабадқа 2 рет барды. 4-5 рет Бердімұхамедовпен телефонда сөйлесті. Өткенде ғана Ыстамбұлда басшылар кездесті. Бұл жолы Еуропадан қайтып үлгермей, Үкімет басшысын сәлем айта бер деп жіберген шығар, сол сәлемді Мамин дұрыс жеткізбеген сияқты.
Басқасы басқа, бұндай немқұрайлылыққа Түркіменстан ренжіп қалмай ма?
Қызық.
Nurgali Nurtay: Қызық.
303 0

Kafkassam Editör
Yeni bir dünyaya uyanmak, dünyayı yeniden okumak isteyenler için, söylenecek sözü olanlar için merkezi Ankara’da olan KAFKASSAM’ı kurduk. Erivan, Bakü, Tiflis, Tebriz, Grozni, Moskova, Mahaçkale, Nazrin, Nalçik, Saratov, Ufa ve Sochi’de ofislerimiz temsilcilerimiz var. Kafkassam genelde kafkasya çalışmak için kuruldu Kafkasya genelinde çalışır. Ermenice Rusça Gürcüce İngilizce dillerinde yayın yapan kafkassam genç akademisyen ve stratejistlerle çalışmaya özen gösterir. KAFKASSAM’ın internet sitesi 2 Ocak 2010’da yayına girdi. İnternet sitesinde Kafkasya’daki ülkeler ve Türkiye ile ilişkileri hakkında makaleler, ropörtajlar, analizler ve yorumlara yer verilmektedir.