KAFKASSAM – Kafkasya Stratejik Araştırmalar Merkezi

  1. Anasayfa
  2. »
  3. Gündem
  4. »
  5. Нәзия Жоямергенқызы: ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ мен ОРЫСТАНУ САЯСАТЫ

Нәзия Жоямергенқызы: ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ мен ОРЫСТАНУ САЯСАТЫ

Kafkassam Editör Kafkassam Editör - - 1 dk okuma süresi
330 2

Бүгін Нұрияны фотосессияға апардық. “Мама, я уже взрослая и меня зовут Ализа” деді. Арасында “атымды неге Ализа қоймадыңдар” деп бұрқылдап алды. Көретіні – Ютюбтан орысша дүниелер. Үйде бәріміз қазақша сөйлейміз, тек “Ализа” ғана – орысша Теледидардан қарайтыны – “Никелодеон”. “Балапан” арнасын мүлде қостырмайды, ұнамайды. Балабақшада балалар бір бірімен орысша сөйлеседі, апайлары үздіксіз ескерту жасаумен болады. Уотсапп чатта да аналары орысша сүйреңдейді. Тек Қазақстанда ғана қазақтар “маған қазақша қызмет көрсетпеді” деп наразылық танытады. Басқа бір де бір елден көрген емеспін. Тәуелсіздік алғалы 31 жылға жуықтады, ұлттық идеология әлі ақсап жатыр. Ал іргедегі Ресей көршісіне соғыс ашқалы бері Қазақстанға Ресей азаматтары ағылып келуде. Оларды бақылауда ұстап отырмыз ба? Не үшін келуде? Қанша мерзімге? Мақсат-пиғылдары қандай? Ертең “Қазақстандағы қандастарымызға қысым жасап жатыр” деп Кремль ел ішіне бүлік салмасына кім кепіл?

Нәзия Жоямергенқызы

İlgili Yazılar

2 Yorum

  1. Elif - -

    Anlamlı aciklayici faydalı bilgiler bekliyoruz

  2. Barış Geçmen - -

    Yeni Dünya düzeni ile ilgili son derece başarılı ve güzel bir yazı olmuş diyebilirim. Çok teşekkürler.

Bir cevap yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir