Папа – геосаттағы ықпалды институт, Ватикан мемлекетінің басшысы десе де болады. Соңғы үш папа поляк, неміс және аргентин болды. Осы жолы итальян/европалық бола ма?
Екінші дүниежүзілік соғыста Ватикан фашизмге қарсы ашық күресе алмады. Холокостқа көз жұма қарады, ішітей өкініштері де бар. Сондықтан болар, соғыстан соң Шіркеуді реформалау ұраны көтерілді.
Папалардың арасында көзіме ең ыстығы, поляк Әулие Павел. Ол шешендігімен көзге түсіп, Шығыс Еуропада КСРО-ға қарсы мессиялық/мәһділік толқынын туғызып, қызыл империяның құлауына зор қызмет етті. Оған қастандық та жасалды: коммунист блокпен байланысы бар түрік азаматы ұсталған.
Павелдің Назарбаевқа ықыласы зор еді. 2001 жылы Астанаға келіп қазақ еліне батасын берді. Назарбаев пен Павел бір-біріне ұқсас ірі тарихи тұлғалар, саяси дәуірлер ауысқан аласапыран кезеңде аса белсенді болды.
Неміс Бенедикт 16-шы қысқа уақыт басқарса да (ол да Назарбаевпен кездескен сыңайлы) курияның (дінбасылар алқасы, діни-саяси институт) былығына қарсылық ретінде католик шіркеудің 400 жылдық тарихында өз папалығынан бастартқан алғашқы католик дінбасы болды.
Сол кезде шіркеудің тіршілігі мафиямен, банктермен байланысы ашылып, скандалдарға килігіп коррупцияға шалдықты. Бенедикт сын мен соққыны өзіне алып, шіркеудің беделін сақтап қалды. Суреттегі сұр кардинал Тарцисио Бертоне – Ватикандағы ең ықпалды тұлға. Ол да Астанаға келген еді.
Франциск – кедейлердің қамқоршысы, дінге берік момын. Ол да курияның ішіндегі реформалау күресін шамасы келгенше жалғастырды. Ол шешен болмаса да, оның момын образы маңызды еді. 2022 жылы күзде Нұрсұлтан қаласына келіп, Тоқаевпен кездесіп батасын бергендей болды, кейін 2024 жылы Ватиканда екеуі кездесті.
Джей Ди Венс папа қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын кездесіп аузы дуалы ақсақалдың қолын алып қалды.
Кеше Ватикан үстінен қара түтін шыққаны әлі ешкім сайланбағанын білдіреді. Жаңа папа қара нәсілді бола ма, азиялық бола ма? Бәлкім осы жолы италиялықтардың я еуропалықтардың кезегі келуі де мүмкін.